Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты ауруханаға шанамен сүйреп жеткізген

514

Жедел жәрдем дәрігерлері инсультпен ауыратын науқасты шанамен сүйреуге мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты ауруханаға шанамен сүйреп жеткізген Фото: google.com

Жедел жәрдем қызметкерлеріне Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы 56 жастағы тұрғынның сол жақ аяқ-қолы ұйып, басы айналып жатқандығы туралы хабар түсті. Науқастан инсульт белгілері байқалды. 

Науқасқа көлікті тастап, жаяу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оны шанамен сүйреуге мәжбүр болды. Себебі қардың қалыңдығынан жедел жәрдем көлігі қозғала алмаған.

"Фельдшерлер Айдар Омаров пен Әмір Шірөжеев тосылып қалмай, бірден науқасты шанамен тасымалдаймыз деген шешімге келді. Көлік жүргізуші Руслан Ақымбаев та атсалысып, науқас уақтылы стационарға жатқызылды" деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы.

 

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу