Жедел жәрдем шұғыл шақыруға 8,8 минутта жетеді

95

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Жедел жәрдем шұғыл шақыруға 8,8 минутта жетеді Фото: Тengrinews.kz

Бірінші жартыжылдықта жедел медициналық көмек қызметі 4 млн-нан астам шақыруға қызмет көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік кеш орындалған шақыртулардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық – 4,3%-дан 2,6%-ға дейін төмендегенін айтады.

"Инсульт және инфаркт сияқты өмірге қауіп төндіретін жағдайларда шұғыл көмек барған сайын жедел көрсетілуде. Қалалардағы инсультпен ауыратын науқастардың 98%-ға жуығы алғашқы 40 минут ішінде өмірді сақтау және функцияларды қалпына келтіру үшін маңызды "алтын сағат" шегінде мамандандырылған орталықтарға жеткізілді. Сондай-ақ, бригадалар жедел миокард инфарктісімен 14 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсетті", – делінген ДСМ хабарламасында.

Шақырулардың негізгі себебі: тыныс алу ағзаларының аурулары, жүрек-қан тамырлары және неврологиялық аурулар, жарақаттар, улану, инфекциялық және акушерлік жағдайлар.

Ел бойынша шұғыл қызметтің жұмысын 1 579 көшпелі бригада қамтамасыз етеді, оның ішінде қалаларда 979 бригада, ауылдық жерлерде 600 бригада жұмыс істейді. Қосымша емханалардың жанынан шұғыл 3-4-санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 882 бригада ұйымдастырылған.

Қызметтің кадрлармен қамтылуы 86,5%-ға жеткен. Оның ішінде дәрігерлердің үлесі 77,4%-ға дейін өскен.

Жедел жәрдем паркінде 2469 көлік бар. Жарты жылдың ішінде өңірлерге, оның ішінде МЖӘ және лизинг тетіктері арқылы 84 жаңа автомобиль сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу