Жедел жәрдем жеткенше дәріханада босанып қаған әйелдің жағдайы жақсы

1432

Жас босанған ана мен сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері перзентханаға жеткізеді. Оны босандырып алған дәріханашылар ауруханаға барып, жағдайын біліп тұрыпты.

Жедел жәрдем жеткенше дәріханада босанып қаған әйелдің жағдайы жақсы

Өскеменде кенеттен толғағы қысқан әйел дәріханада қыз баланы өмірге әкелді. Оқиға 3 қаңтар күні Киров көшесінің бойындағы дәріханалардың бірінде болды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Жедел жәрдем жетіп үлгермейтін болғандықтан, дәріхана қызметкерлері оны өздері босандырып алады.

Фармацевттер Венера Икласпаева мен Роза Турбаеваның айтуынша, әйелдің толғағы кенеттен басталып кеткен. Бұлардың, тіпті, ойлануға да уақыты болмаған.

"Мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық. Бірақ бәрі сәтті өтті", – дейді олар.

Жас босанған ана мен сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері перзентханаға жеткізеді. Оны босандырып алған дәріханашылар ауруханаға барып, жағдайын біліп тұрыпты.

Белгілі болғандай, әйелдің есімі Жадыра екен. Ол – Аягөз қаласының тұрғыны. Облыс орталығына дәрігерге қаралуға келген.

"Босануға  әлі ерте екеніне сенімді едім. Бұл бесінші балам. Роза мен Венераға маған көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысым шексіз", – дейді ол.

Дәріханада дүниеге келген қыздың есімін Айкүнім деп қойыпты. Қазір ол анасымен бірге аман-есен Аягөзге оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу