Жедел жәрдем жол-көлік оқиғасына ұшырады

716

Жедел жәрдем жол-көлік оқиғасына ұшырады

Петропавлда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, апат Сүтішев-Пушкин көшелерінің қиылысында тіркелген. Жарығы әлсіз УАЗ жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, "Ауди" автомобилімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам зардап шеккен.

СҚО ІІД баспасөз қызметі 2017 жылдың 19 наурызында Пушкин және К.Сүтішев көшелерінің қиылысында жол апатының болғанын растады.

"ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша Уаз" және "Ауди" автокөліктерінің қатысуымен 3 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы фактісі жөнінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция мекемесінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу