Жедел жәрдем жүргізушісінің бетін күйдірген адам ұсталды

1031

Ер адам жедел жәрдем жүргізушісінен көлігін жолдан алуды сұраған. Оған келіспеген жүргізушінің бетіне газ баллонын қаратып, шашып жіберген.

Жедел жәрдем жүргізушісінің бетін күйдірген адам ұсталды

Алматы дәрігерлері беті күйіп қалған жедел жәрдем жүргізушісінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізуші 12 желтоқсанда №4 аурухананың күйік бөліміне 1-2 дәрежелі химиялық күйік диагнозымен түсті. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалаған болатын.

"Қазіргі таңда жағдайы жақсарып келеді. Науқасқа тегін мемлекеттік медициналық көмек беру көлемі аясында  кешенді көмек көрсетіліп жатыр. Жарасы жазылған соң амбулаториялық ем қабылдауға емханаға шығарылады", – деді №4 аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Бижан Бинокуров.

Еске салсақ, оқиға кеше Жетісу ауданында  Винтер көшесінде болған. Ер адам жедел жәрдем жүргізушісінен көлігін жолдан алуды сұраған. Оған келіспеген жүргізушінің бетіне газ баллонын қаратып, шашып жіберген. Соның салдарынан жүргізуші 1-2 дәрежелелі химиялық күйік диагнозымен ауруханаға түсті.

Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісіне газ баллонымен шабуыл жасаған адамды ұстады. Жетісу аудандық ІІБ осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу