Жедел жәрдемнің мамандары Израильде біліктілігін жоғарылатудан өтіп келді

808

Жедел жәрдемнің мамандары Израильден біліктілігін жоғарылатудан өтті.

Жедел жәрдемнің мамандары Израильде біліктілігін жоғарылатудан өтіп келді

28 шілде мен 3 тамыз аралығында Астана қалалық жедел жәрдем станциясының 7 маманы Израильдегі ең үздік медициналық орталықтың бірі "Magen David Adomin Іsrael" ұлттық қызметінен біліктілігін жоғарылатудан өтіп келді. Аталмыш орталық Тель-Авив қаласында орналасқан және осы қаланың тұрғындарына (480 мың адам) жедел көмек көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бір аптаның ішінде астаналық жедел жәрдемнің қызметкерлері жедел медициналық жәрдемді ұйымдастырудағы өзекті мәселелер бойынша өздерінің біліктілігін көтерді. Сонымен қатар жедел көмек көрсетуде заманауи стандарттарды да қоса меңгерді. 

Оқу барысында астаналық мамандар Тель-Авивтегі ауруханаға барып, израильдік әріптестердің жұмысын көріп қайтты.

Израильдегі оқуы біткен соң астаналық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне біліктілігін жоғарылату курсын оқып бітірді деген сертификат берілді.

Жыл соңына дейін тағы да 24 қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкері Израильге біліктілігін жоғарылатуға барады.

Бүгінде Астана жедел жәрдем станциясы қаладағы алдыңғы қатардағы емдеу-профилактикалық мекемелердің бірі, мұнда жоғары сыныпты мамандар жұмыс істейді және заманауи құрал-жабдықтардың арсеналы мен емдік препараттар, қазіргі заманғы санитарлық Hyundai және Volkswagen маркалы автотранспорты бар.

Жедел жәрдем мамандандырылған бригаданың арқасында өте тиімді жұмыс жүргізіп келеді, жылдам диспетчерлік қызмет, станцияның қалаға жақын орналасуы, госпитализация жүйесі нақты жолға қойылған.

Тәулігіне "103" пультіне елорда тұрғындары мен қонақтарынан 2500-ден астам қоңырау келіп түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу