Жээнбек Кулубаев Қырғызстан басшылығының Тоқаевқа ризашылығын жеткізді

790

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жээнбек Кулубаев Қырғызстан басшылығының Тоқаевқа ризашылығын жеткізді

Қазақстан тарапы қырғыз-тәжік шекарасындағы адам өліміне және қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты. М.Тілеуберді тараптардың жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі күш-жігерін құптап, мұндай мәселелерді тек бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

Елші Ж.Кулубаев Қырғызстанның жоғары басшылығының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жанжалды жағдайды қалыпқа келтіруге көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар сондай-ақ қазақ-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін, оның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу