Жээнбеков қандай жағдайда биліктен кететінін мәлім етті

941

Ол премьерді отставкаға жіберуі мүмкін. 

Жээнбеков қандай жағдайда биліктен кететінін мәлім етті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков атқарушы билік органдарының басшылары бекітіліп, мемлекеттің заңға бағынуы орнаса, қызметінен кетуге әзір екенін білдірді.

Сонымен қатар ол министрлер кабинетін заңдастыру үшін премьер-министр мен үкімет мүшелерін отставкаға кетіруге дайын екенін жариялады. Ол ешқандай лауазым мемлекеттің бүтіндігі, халықтың бірлігі мен қоғамның тыныштығынан биік тұрмайды дегенді айтты.

Еске сала кетсек, 5 қазанда осы алаңда парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай құқық қорғаушылар оларды таратпақшы болған еді, бірақ оның арты қақтығысқа ұласып кетті. 

Ереуілшілердің талабы орындалды. Орталық сайлау комиссиясы саяси дода қорытындысының күшін жойып, парламенттік сайлау қайтадан ұйымдастырылатын болды. Оның қашан өтетіні алдағы екі аптаның ішінде жарияланбақ.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу