Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа банкроттық рәсіміне қатысты сұрақтар қойды, деп жазады inbusiness.kz.
Сауалдарға жауап берген ведомство өкілі, қазіргі кезде 1 млн 180 мың адамның қарызы барын атап өтті.
Олардың жалпы берешегі 1 трлн 100 млрд теңгеге жеткен.
"Жаңа ақпараттық жүйе құрылып, оны мемлекеттік органдардың жүйелеріне қостық. Осы орайда банкроттық рәсімдерін атқаруға қатысты жүйе тиісті сынақтан өтті", – Қаржы вице-министрі.
Еске сала кетсек, борышкерлер 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.
"Алдағы уақытта борышкерлер көп тіркелген өңірлерге қызметкерлерімізді бағыттаймыз", - деді Ержан Біржанов.