"Қарасора-2026" жедел-профилактикалық операциясы аясында Жақсы ауданы полиция бөлімінің КПБ қызметкерлері Қийма ауылында жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 1969 жылы туған азамат анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Киров көшесінде орналасқан жеке учаскені тексеру кезінде полицейлер 75 түп қарасора өсімдігін тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалған. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес процестік шешім қабылданады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу