Жеке басын куәландыратын құжаттарды қағаз күйінде сақтауға тыйым салынады

162

Дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын бұзу бойынша биыл 7 айда 44 іс қозғалған.  

Жеке басын куәландыратын құжаттарды қағаз күйінде сақтауға тыйым салынады Фото: NUR.KZ

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне 157 ақпараттық жүйе қосылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Былтыр алғаш рет ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау функциясы берілді.

"Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде жинауға, өңдеуге тыйым салынды. Азаматтардың дербес деректерін қамтитын "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне кірген кезінде пайдалану міндетті болып табылатын дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі енгізілді", – ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Бұл қызмет, біріншіден, азаматтарға біреулердің оның жеке деректеріне қол жеткізуге тырысып жатқандығы туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Екіншіден, егер азамат бұрын қандай да бір ұйымға кіруге келісімін берсе, онда сервисте белгі қойылады, әрбір азамат порталға кіріп, жеке деректерімен не болып жатқанын көре алады. Бүгінгі таңда оған 157 мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйе қосылған. Бұл сервис тәулігіне 1 млн-нан астам сұранысты өңдейді.

Спикердің айтуынша, дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын бұзу бойынша 2022 жылы 33 әкімшілік іс, 2023 жылы – 38, ал биыл 7 айда 44 іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу