Мәлік Мырзалин: Әкімдік тек жер телімімен қамтамасыз ету жағынан көмектеседі

866

Мәлік Мырзалин: Әкімдік тек жер телімімен қамтамасыз ету жағынан көмектеседі

Жеке инвестиция әрқашан қолдау табуға тиіс. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин тұрғындар алдында өткен есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің сөзінше, өңірде жеке инвестиция тарту бойынша жұмыстар ширатуды қажет етеді.

"Маған Зеренді ауданының Андрей Рыманов есімді тұрғыны жүгініп, спорттық-демалу орталығын салуға жергілікті әкімдік тарапынан жер телімі берілмей отырғанын айтып қынжылды. Осында аудан әкімі Мереке Мұстафин отыр. Бұл мәселені тезірек шешуді тапсырамын. Осы мәселеге қатысты, баршаңызға айтқым келетіні мәдени-демалыс немесе спорттық-сауықтыру нысаны болсын оны әкімдік салмауға тиіс. Бұл жерде жеке инвестиция тартылуы керек. Әкімдік тек жер телімі және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жағынан көмектеседі. Сондықтан да жеке инвестиция әрқашан қолдау табуға тиіс",- деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу