Жеке инвестор өз қаржысына елордаға электроавтобус әкеледі

582

Елордада 100 электроавтобус желіге қосылады  

Жеке инвестор өз қаржысына елордаға электроавтобус әкеледі Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар көмегімен электроавтобустардың санын 200-ге дейін көбейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Бұған дейін инвестиция мәселелері бойынша кеңесте әкімдік электроавтобус өндірумен айналысатын компанияның жобасын мақұлдады. Жеке инвестор өз қаржысына елордаға электроавтобус әкеледі.

Қала әкімдігі 100 электроавтобус сатып алып, олар биылдан бастап желіге шықты. Дыбыссыз электр автобустарының артықшылығы – олар экологиялық және пайдаланғанда көп шығынды қажет етпейді.

Жаңа электравтобустар автопарктерді айтарлықтай жаңартып, автобустардың жүру уақыты мен аялдамада күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу