Жеке қаражатты басқаруға арналған алғашқы қазақтілді кітап жарық көрді

3119

Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында Ұлттық аударма бюросы тәржімалаған Томас Гарман мен Рэймонд Форгтың еңбегі.  

Жеке қаражатты басқаруға арналған алғашқы қазақтілді кітап жарық көрді

Қаржы саласында білім берудің әлемдік стандартын қалыптастырған "Жеке қаражат" кітабы  оқырмандарға барынша түсінікті болуы үшін еліміздің заңдары, кеңестер және арнайы әдістемелермен толықтырылып, бейімделді.

"Аталмыш туынды жеке қаражат тақырыбындағы қазақ тіліндегі тұңғыш шығарма екенін айта кеткен жөн. Кітапта жеке қаражатты басқаруда аса маңызды кіріс пен шығын есебін жүргізу, шығындарды қысқарту, бюджетті жоспарлау сияқты негізгі мәселелерден бөлек, салық жеңілдіктерін пайдалану, ағымдағы және жинақ есепшоттарын басқару, үй сатып алу үшін несие алу, ұтымды сақтандыру полисін таңдау, инвестиция салу, пай қоры мен биржа немесе жылжымайтын мүлік арасынан тиімді инвестициялау жолын табу және зейнетке шығуды жоспарлау тақырыптары қамтылған", – дейді кітаптың Қазақстанға бейімделген нұсқасының құрастырушысы әрі редакторы  Ақбота Исләмбек.

Бұл тақырыптардың барлығына қатысты негізгі тұжырымдар өмірден алынған, әрі мамандардың кеңесі арқылы түсіндіріледі.

"Кітаптың ұтымды тұсы осы. 17 тараудан тұратын кітаптың әр бөлімінің соңында тақырыпты қорытындылауға арналған талқылау сұрақтары, тапсырмалар, есептер бар. Кейбір тарауларға еліміздерге жағдайға байланысты тақырыпшалар қосылса, өзгелерінде арнайы "Қазақстанда" деген айдар бар. Кітапты Қазақстанға бейімдеуге отандық білікті ғалымдар мен тәжірибелі мамандар атсалысты", – дейді Ақбота Исләмбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу