Онда жеке кәсіпкер Берденованың мемлекеттік сатып алулардағы жеңістері мен оның қала әкімінің тағы бір орынбасары Руслан Берденовке туыстығы туралы сұрақтар қойылған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жеке кәсіпкер Берденованың кім екенін білмейміз. Ол Руслан Арысбекұлы Берденовке туыс емес. Тек тегі ұқсас болғаны – жай сәйкестік, – деді Сәрсен Құранбек.
Әкім орынбасарының мәліметінше, Берденова есімді кәсіпкер 2021 жылы бес мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған. 2024 жылы үш келісімшарт бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл ыстық тамақ ұйымдастыруға байланысты жарияланған 16 конкурстың бесеуінде жеңімпаз ретінде танылған.
– Бұл кәсіпкердің Шымкент қаласы әкімдігіне немесе ондағы мемлекеттік қызметшілерге ешқандай қатысы жоқ. Оның ішінде Руслан Берденовпен де байланысы жоқ, – деп нақтылады ол.
Сондай-ақ Сәрсен Құранбек желідегі кейбір болжамдар мен алып-қашпа сөздердің негізсіз екенін айтып, мұндай күмәндердің орынсыз екенін жеткізді.