Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі өткізген 93 миллион теңгеге тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған", – деп жазылған хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        