Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелмегендер туристік қызмет көрсете алмайды

Туристік компанияларға жүгінген азаматтар туроператордың лицензиясык бар-жоғын тексеру керек.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелмегендер туристік қызмет көрсете алмайды

Туристік қызмет субъектілерінің Қазақстан заңнамасын бұзу жағдайлары жиілеп кетті. ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап..

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес туристік компаниялар жеке кәсіпкерлер немесе тиісті ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлғалар ретінде тіркелуге тиіс. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелмесе, сондай-ақ рұқсаты болмаса, туристік агенттіктердің қызметі заңсыз болып саналады. 

"Алаяқтық және заңсыз қызмет белгілері бар жағдайлар анықталған кезде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құқық қорғау органдарына олардың құзыреті бойынша сұрау жолданады. 2022 жылы ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне туристік компаниялардың заңсыз және алаяқтық қызметі туралы 14-ке жуық сұрау жолданды. Осыған байланысты, туристік компанияларға жүгінген кезде азаматтар турагенттік қызмет туралы хабарламаның және туроператордың лицензиясының болуын тексеріп, барлық қажетті құжаттарды сұрауы қажет", - деп кеңес берді ведомство өкілі.

Сонымен қатар туризм Индустриясы комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының өзекті тізілімдері орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу