Статистика комитетінің мәліметінше, ШОБ ішінде жеке кәсіпкерліктердің саны көп. ШОБ-тың 65,5 пайызы жеке кәсіпкерлер болса, шағын кәсіпорындар саны 18,6 пайыз, ал шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар саны 15,7 пайызды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жеке кәсіпкерлер негізінен Алматы қаласында шоғырланған. Оңтүстік астанадағы жеке кәсіпкерлер саны былтырғыдан 7,9 пайызға көбейсе, Нұр-Cұлтандағы жеке кәсіпкерлер саны республика бойынша екінші орында. Жеке кәсіпкерлер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы үшінші орында. Осы үш өңірдегі жеке кәсіпкерлер саны республикадағы жеке кәсіпкерлердің 31,1 пайызын құрайды екен.
Жеке кәсіпкерлер саны ең аз өңірлер Солтүстік Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан облысы екен. Ал былтырғыдан өсім саны жағынан елорда ең алда. Нұр-Сұлтандағы жеке кәсіпкерлер саны былтырғыдан 29,9%-ға көбейген.