Жеке кәсіпкерлердің 70 пайызы тендерге қарап отыр

655

Жеке кәсіпкерлердің 70 пайызы тендерге қарап отыр

Отандық бизнес биліктің мойнына мініп алған. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елдегі кәсіпкерлік саласы жөнінде осылай шағымданды. Оның пайымдауынша елімізде жеке кәсіпті қол еткендердің 70 пайызына жуығы мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардың ұсынатын тендерлеріне қарап отыр. Президенттің экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту туралы тапсырмасы қалтарыста қалғандай дейді сенатор.

"Қазіргі таңда елімізде бизнестің дамып жатқаны жасырын емес. Бірақ олардың көбі мемлекеттік сатып алумен күндерін көріп отыр. Яғни, мемлекеттің берері не болады деп бағамдауда. Экономикадағы мемлекеттің үлесі аса үлкен екені анық байқалады. Бұлай болған жағдайда жеке кәсіпкерлік деген сөздің мәні жоғалады", - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу