Жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін 4 млрд теңге бөлінеді

271

Республикалық бюджеттен 2024 жылға 4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін 4 млрд теңге бөлінеді Фото: canva.com

ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ішкі сауда субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін республикалық бюджеттен 2024 жылға 4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Осының негізінде 1 қазаннан бастап ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жоспарланып отыр.

Мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі жолмен көрсетіледі: несие мөлшерлемесін субсидиялау және несиеге кепіл болу. Жалпы мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған. Олар: сауда базарларын жаңғырту, сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, үй жанынан дүкен салу және осы салада IT бағдарламалар жасау үшін, - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу