Талдықорған көлік прокуратурасы жеке пайдасы үшін әкелген заттарын сатқандарды жазалады, деп хабарлайды прокуратурадан.
Талдықорған көлік прокуратурасы сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің әрекеттерінен кедендік заңбұзушылықты анықтады.
"Кедендік төлемдерден жалтарған, жеке қажеттілік түрінде әкелінген жабдықтар мен автокөлік құралдарын сатқан 3 заңды тұлға анықталды. Олар 5 жүк автокөлігін, бір автокран және жалпы салмағы 9,5 тоннаны құрайтын аккумуляторлық батареяларды қайта сатқан", – делінген хабарламада.
Кінәлі тұлғалардан мемлекеттің пайдасына 37,5 млн теңге сомасында залал өндірілді.