Жеке клиникада көз жұмған полицейге қатысты қылмыстық іс сотқа өтті

1142

Сотталушыға "Медициналық қызметкердің салғырттығы мен медициналық қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелерін сақтамау салдарынан кісі өліміне әкеліп соқтыру" бойынша айып тағылған.

Жеке клиникада көз жұмған полицейге қатысты қылмыстық іс сотқа өтті

Шымкенттегі жеке клиникалардың бірінде көз жұмған полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыстық іс материалдары Әл Фараби аудандық сотына жіберілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары ҚР ҚК-нің 317 бабы, 3-ші бөлігі "Медициналық қызметкердің салғырттығы мен медициналық қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелерін сақтамау салдарынан кісі өліміне әкеліп соқтыру" бойынша айып тағып отыр.

Сотталушы 1981 жылы туған дәрігер - уролог. Тергеу кезінде Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу соты айыпталушыға қаладан кетпеу туралы тілхат алуға санкция берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу