Жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры жасақталды

591

Алматыда медициналық бетперделер шығаратын отандық 6 ірі кәсіпорын бар. 

Жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры жасақталды

Шаһар әкімдігінің хабардакынша олар күніне 882 мың қорғаныс құралын шығарады. Бұған қоса қаладағы клиникалардың медициналық жабдықтары 43,1 млрд теңге сомасына жаңартылып, толық жарақтандырылған.

"COVID-19 алдын алу желісі бойынша лабораториялардың дайындығы қамтамасыз етілді. Қалада 18 ПТР зертханасы бар, олардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 14050 зерттеуді құрайды. Сонымен бірге, тәулігіне 1152 зерттеу өткізу қуаттылығы бар 12 ИФТ зертханасы қызмет етеді. Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық мамандармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлерінен бөлек, 2450 маманнан құралған кадрлық резерв дайындалды. Сонымен бірге, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, резиденттері, дәрігер-интерндерінен резерв құрылды", - деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу