Жеке қосалқы шаруаларға 6%-дық несие берілсін – Президент

995

2 млн ауылдықтың табысын артады.

Жеке қосалқы шаруаларға 6%-дық несие берілсін – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқын дағдарыстан кейінгі кезеңде қолдау шараларын дайындауды тапсырды.

"Қазақстанда 1 миллион 700 мың жеке қосалқы шаруашылық бар. Бірақ олардың өнімін сауда нысандары мен қайта өңдеуші кәсіпорындар ресми түрде сатып алмайды. Мемлекет олардан салық алмайды, ондағы жұмыскерлер әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Үкіметке "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп ауылдағы кооперациялық тізбекті дамыту бойынша бірнеше өлкеде "алқаптан сөреге дейін"  ілкі жобасын ұсынуды тапсырамын. Кейін жобаның ауқымын кеңейтіп, 2021 жыдың ортасына қарай толыққанды бағдарлама етіп дайындауға болады. Аталмыш бағдарламаны іске асыру барысында "ҚазАгро"  мен "Даму" қорының тетіктері арқылы 6%-дық несие беру қолданылады. Сондай-ақ, тұрақты сатып алу және саудалау жүйесін жолға қойып, бағдарламаға қатысушылардың аграрлық білім-білігін жетілдіру, оқыту жүйесін іске қосқан жөн. Бұл 2 миллионға жуық ауылдықтың табысын арттырып, отандық ауылшаруашылық кәсіпорындардың шикізат жүктемесін 53-тен  70%-ға өсіреді және әлеуметтік маңызды өнімдерді импортын азайтады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу