"Жеке қосалқы шаруашылық туралы" заң Парламентке жолданады

1037

Бұл туралы Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жеке қосалқы шаруашылық туралы" заң Парламентке жолданады

"Мал шаруашылығы саласында ауыспалы егістегі мал азығы дақылдарының үлесін көбейтіп, тозған жайылымды қалпына келтіру және жаңа жайылымдарды суландыру арқылы мал азығының мөлшерін ғылыми негізделген нормаға дейін жеткізу арқылы қор қалыптастыру маңызды міндет болып табылады", – деді министр.  

Оның сөзінше, министрлік жеке шаруашылықтағы мал басын жайылыммен қамтамасыз етуді кооперациялау және осындай кооперативтерге жер алқабын беру арқылы түбегейлі шешеді.

"Жеке қосалқы шаруашылық туралы" заң жобасын әзірледік. Ол жуық арада Парламентке жіберіледі", – деді Ербол Қарашөкеев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу