"Қолда бар әлеуетті ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" заң жобасы әзірленеді. Аталған заң жобасын қабылдау жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуына, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы іске қосу жоспарлануда. Ол жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермерлерді азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттілігімен тік және көлденең кооперация тізбегі арқылы байланыстыруға мүмкіндік береді", – деді ауыл шаруашылығы министрі.
Қанат Махамбет