Бұл туралы депутат Сергей Карплюк мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сенаттың жалпы отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске және "Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қаралды.
Сергей Карплюктың айтуынша, жоғалған құжатты бір жыл ішінде екі және одан да көп рет қалпына келтіргендерге мемлекеттік баж мөлшері артады.
Ал кәмелетке толмаған балаларға төлқұжат рәсімдеу "арзандай" түспек.
"Кәмелетке толмаған балаларға төлқұжат рәсімдеу кезінде төленетін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ескерілген. Сонымен қатар берілген паспорт парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі, яғни 16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 4 АЕК немесе 13 800 теңге, 36 бет – 8 АЕК, 48 бет – 12 АЕК енгізілмек", - деді депутат.