Жеке куәлік пен банк картасында қандай деректерді жариялауға болмайды?

1777

СВВ кодын ешкім білмеуі керек.

Жеке куәлік пен банк картасында қандай деректерді жариялауға болмайды? Фото: informburo.kz

Алаяқтар азаматтарға хабарласып, банк картасы мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін сұрайды. Олардан опық жемес үшін қандай қауіпсіздік қағидаттарын білген жөн, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен банк картасының 16 таңбалы нөмірін, ондағы латын әрпімен жазылған аты-жөніңізді ашық көрсете беруге болады. Бірақ карта жұмысының аяқталу мерзімі мен артқы беттегі 3 таңбалы СВВ кодын ешкім білмеуі керек.

Ал жеке куәліктегі аты-жөніңіз бен туған ай-жылыңызды хабарлауға болады. Дегенмен құжаттағы ЖСН нөмірі мен куәлік нөмірін ешкімге айтпаған дұрыс. Сондай-ақ куәліктің фотосын өзгеге жібермеу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу