Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

1249

ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және оның бейнесін, сондай-ақ Әнұран мәтінін пайдалану ережелері туралы Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

Қаулыға сәйкес Елтаңба жеке куәлікпен мен төлқұжатта (паспорт) бейнеленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Жобаға сәйкес Елтаңба міндетті түрде: 

- Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР шет елдердегі мекемелерінің веб-сайттарында; 

- ҚР әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында;

- Президент пен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Парламент палаталары бюроларының, Үкімет пен премьер-министр кеңсесінің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың, қарулы күштер және өзге де мемлекеттік органдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде; 

- Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және Жоғарғы соттың ресми басылымдарында;

- Ұлттық банктің банкноттары мен монеталарында, мемлекеттік бағалы қағаздарда;

- Қазақстан азаматтарына берілетін жеке куәлікке, туу туралы куәлікке, 
төлқұжатқа (паспорт) және өзге де төлқұжаттарға, мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қызметтік куәліктеріне; 

- ҚР Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекаралық бағаналарда бейнеленеді. 

Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу