Енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болады

139

Пилоттық жобаны Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп әзірледі.  

Енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болады Фото: © АО "Национальные информационные технологии

Қазақстанда мерзімі өткен жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн форматта жүргізілуі мүмкін.

Тиісті пилоттық жобаны Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат 19 наурызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

"Жобаның мақсаты "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді, атап айтқанда, қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде онлайн форматта қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлік беру",  делінген түсіндірме жазбада.

Қазақстандықтар мерзімі өтіп кеткен құжаттарды электронды үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы онлайн режимінде ала алады. 

Қызмет жеке куәліктің мерзімінің аяқталуына 30 немесе одан аз күнтізбелік күн қалғанда немесе оның мерзімі өтіп кеткен, бірақ 10 күнтізбелік күннен аспайтын жағдайда ғана қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу