Жеке куәлік беру қызметінің бағасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бастамасымен төмендетіледі.
Тиісті бұйрықтың жобасы "Ашық құқықтық актілер" порталында жарияланды. Қызмет құны төмендегідей болмақ:
- І жеделдік санаты – 4983 теңгеден 3372,45 теңгеге дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында бір жұмыс күніне дейін және облыс орталықтарында үш жұмыс күніне дейін);
- II жеделдік санаты – 2752 теңгеден 1770,88 теңгеге дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында үш жұмыс күніне дейін және облыс орталықтарында бес жұмыс күніне дейін)
- ІІІ жеделдік санаты – 1116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін (облыстардың аудандары мен қалаларында жеті жұмыс күніне дейін).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу