Жеке меншік үй салушыларға мемлекет бақылауы алынып тасталмақ

980

Жеке меншік үй салушыларға мемлекет бақылауы алынып тасталмақ

Қазақстанда жеке меншік жер үй салушыларға мемлекеттік қадағалау алынып тасталмақ. Сәйкесінше, үйдің қауіпсіздігі мен сапасына қожайыны жауапты болады. Бұл туралы мәжілісте "Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру" туралы заң жобасын талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды КТК.

Депутат Зәуреш Аманжолованың сөзінше, құрылыс аяқталған үйді тіркеу мәселесінде баспана қожайыны  көптеген кедергіге тап болады. Құжаты жоқ болғандықтан, тіркеуге тұра алмай, салдарынан балалар мектептен қалған жағдайлар да кездеседі. Ал енді бір тұрғындар тіркеудің жоқтығынан әлеуметтік төлемдерден қағылған.

"Біз мемлекеттік бағдарламамен көпқабатты үй салғанда ондағы адамдардың қауіпсіздігіне мән береміз. Себебі онда біздің елдің азаматтары тұрады. Ал, жеке меншік үй салып тұрып жатқандар біздің елдің азаматтары емес пе? Жеке меншік үй 9 қабатты болуы да мүмкін, ертең ол картоннан салынған үй секілді құлап жатса, не болмақ? Рейтинг қуып, бақылауды алып тастап едік дейміз бе?", - деп  мәжіліс төрағасы бұнымен Нұрлан Нығматулин келіспейтінін білдірді.

Заң жобасында кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау қызметін реформалауға, тынымсыз тексерістерді жоюға да көңіл бөлінген. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың сөзінше, 2013-ші жылы бизнес өкілдеріне түрлі деңгейдегі 83 мың тексеріс ұйымдастырылған. 2014 жылы тексерулерге мораторий жарияланды. Ал, 2015 жылы 50 мыңға жуық нысан тексерілген. 2016 жылы 100 мыңдай шара ұйымдастырылса, 2017 жылы 81 мың тексеріс жүргізіліпті. Алайда, осыған қарамастан, бизнес саласындағы түрлі бұзушылықтар сақталып отыр. Талапқа сай келмеу көрсеткіші 8 мыңның төңірегінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу