Депутат: Жеке пәтерім жоқ, бір көлігім ғана бар

535

Геннадий Шиповских депутат ретінде алатын 640 мың теңгеге күн көретінін айтты.

Депутат: Жеке пәтерім жоқ, бір көлігім ғана бар

Мәжілісмен Геннадий Шиповских депутат болса да бір айлыққа ғана күн көріп жүрген азамат екенін айтады.

"...Сұрауы бар" Youtube арнасындағы "Qazaq bol" бағдарламасына берген сұхбатында депутат тек бір көлігі барын айтады. Әрі жеке пәтері жоқ, тек қызметтік үйде тұрады. Депутат ретінде 640 мың теңге көлемінде айлық алады.

"Бүгінгі таңда біздің елімізде көптеген азаматтардың айлығы еңбек тәжірибесіне қарай айлық алады. Менің бүгінгі таңдағы еңбек жолыма 12 жылдан асып, 13 жылға толып қалды. Бізден де үлкен 30 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан кісілер бар, тіпті 20 жастан 40 жыл бойы жұмыс істеген азаматтар мен азаматшалар бар. Жалақыларда айырмашылық болады. Бүгінгі таңда елдер депутаттар миллиондаған ақша алады дейді. Негізі бұл мифтік әңгіме. Өзіме келсем, кәсібім жоқ. Бір айлығыма күн көріп жүрген азаматпын. Жеке пәтерім жоқ, бір машинам бар. Құдай қаласа бәрі алда", дейді депутат.

Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=1C6q4Lmcu2Q&t=40s

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу