"Өңірлер бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында өсім байқалды. Одан кейін Шығыс Қазақстан мен Шымкент қаласы тұр. Экономиканы дамыту бойынша өткен жылы 10 өңірде оң көрсеткіш тіркелді. 4 өңір көрсеткіші орта деңгейде болды", – деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының сөзінше, жолдауды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар ары қарай жалғаса береді. Жеке сектордың жаҺандық көрсеткіштегі үлесін арттыру бойынша мемлекеттің рөлі күшейіп келеді.
"Үкіметтің басты назарында елдің стратегиялық мақсаттары мен жолдаудағы тапсырмалар тұр. Стратегиялық міндеттерді орындау бойынша 2021 жылы 7 басты бағытқа ерекше назар аударылады", – деді Асқар Мамин.
Қанат Махамбет