"Жеке шәкірті болмауы керек": Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қандай талап қойылды

2416

Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. 

"Жеке шәкірті болмауы керек": Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қандай талап қойылды Фото: Olympic.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қойылған негізгі талаптардың бірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Қайрат Сәтжановтың алдағы Олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты.

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі  - командада жеке шәкіртінің болмауы.

Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз", - дейді Ділдәбеков. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. 

Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандықтар Сербияда (2021) өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу