Жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген

348

400-ге жуық Қостанай тұрғыны қайтыс болғаннан кейін де борышкерлер тізілімінде тіркелді.  

Жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысының прокуратурасы қайтыс болған борышкерлер мен өндіріп алушыларға қатысты атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушыларының шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға сәйкес, егер құқықтық қатынастар мұрагерлікке жол берсе, сот орындаушысы өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті (42-бап 1-тармақша).

Бұл жағдайда өндіріп алушының құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Егер өндіріп алушы немесе борышкер болған азамат қайтыс болғаннан кейін шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыса алмаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.

Талдау барысында прокуратура келесіні анықтады

- қайтыс болған борышкерлерден алимент өндіріп алу туралы 33 іс тоқтатылған жоқ;

- қайтыс болған 13 алимент өндіріп алушыға қатысты өндіріп алушыны ауыстыру туралы мәселе шешілмеген (оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленгеннен кейін);

- қайтыс болған борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 5 млн. теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 264 іс тоқтатылған жоқ;

- мемлекет кірісіне 4,6 млн. теңге өндіріп алу туралы 94 іс тоқтатылған жоқ.

Заңды сақтамау нәтижесінде қайтыс болған 390-нан астам азамат борышкер борышкер болып қала береді.

Осы факт бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі қаралу кезінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу