Жеке сот орындаушылары әлеуметтік қор құрды

733

Қор әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға көмек көрсетеді.

Жеке сот орындаушылары әлеуметтік қор құрды

Әділет министрі Марат Бекетаев жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы негізінде қаржылық жағдайы қиын азаматтарға көмек көрсететін әлеуметтік қор құрылғанын мәлім етті. Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларының "Е-рейтингі" енгізілді.

"Қор әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға көмек көрсететін болады. Қордың бдюжеті жеке сот орындаушыларының мүшелік жарналары және ерікті қайырылымдық көмек есебінен қалыптасады. Қордың қызметін палатаның қамқоршылық кеңесі бақылайды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының рейтингі енгізілді. Енді өндіріп алушылардың рейтингін онлайн режиміде танысуға және сот орындаушысын таңдауға болады. Рейтинг статистикалық деректер, орындаушылық тәртіп, жұмыс өтілі және өндіріп алушылардың бағалауы негізінде автоматты түрде жасалады", – деп түсіндірді Марат Бекетаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу