Жеке сот орындаушылары институтын тарату қажет

936

Ел азаматтары осындай талап қойып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жеке сот орындаушылары институтын тарату қажет

"Жеке сот орындаушыларының институты өзін жағымсыз жағынан көрсетіп келеді. Қарапайым азаматтарда жеке сот орындаушылары туралы теріс түсінік қалыптасқан. Алысқа бармай-ақ алматылық мерген оқиғасын еске түсірсек жетіп жатыр. Осы оқиғадан кейін Алматы қаласындағы жеке сот орындаушылары азаматтарды шығарып, үйлерін қиратудан бас тарта бастады", – деді онлайн-петиция жариялаған тұрғындар. 

Петиция авторлары 2014 жылғы 29 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданғанын еске салды. Олар осы құжат бойынша елімізде жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыруға өзгеріс енгізілгенін айтты. 

"Петицияның басты талабы – жеке сот орындаушылары институтын тарату. Олардың өкілеттігі мен функциясын мемлекеттік сот орындаушыларына беру. Осылай болғанда жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі артып, заңсыздыққа жол беруіне тосқауыл қойылады", – деп қорытты ойларын онлайн-петицияға қол қойған азаматтар. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу