Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы қалай төленеді?

1166

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мөлшері бекітілді. 

Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы қалай төленеді? Фото: Otyrar.kz

Әділет министрлігін тиісті бұйрығы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 бұйрығына сәйкес, жеке сот орындаушысының қызметіне төленетін ақы мөлшері келесі тәртіппен белгіленеді.

     1.  мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:

  •  60 АЕК-ке дейін – өндіріп алу сомасының 25% мөлшерінде;
  •  60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін – өндіріп алу сомасының 20%;
  •  300 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке дейін – өндіріп алу сомасының 15%;
  •  1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін – өндіріп алу сомасының 10%;
  •  5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін – өндіріп алу сомасының 8%;
  •  10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін – өндіріп алу сомасының 5%;
  •  20 000 АЕК-тен астам – өндіріп алу сомасының 3%.

2. мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:

  •  шығару және (немесе) үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша – азаматтардан 50 АЕК (172 500 теңге), заңды тұлғалардан 100 АЕК (345 000 теңге);
  • талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – азаматтардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;
  • баламен қарым-қатынас жасау тәртібі бойынша – азаматтардан ай сайын 20 АЕК мөлшерінде.

3.мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:

  • алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде (3450 теңге) тоқсан сайын.

Айта кету керек,  өндіріп алу сомасы дегеніміз ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу