Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қызметін ашық жүргізеді

1514

Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде вице-министр Алмат Мадалиев былтыр алимент төлеуден жалтарған азаматтардан 76 пәтер мен 62 көлік берешек ретінде өндіріліп алынғанын жариялады.  

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қызметін ашық жүргізеді

"Атқарушылық іс жүргізуді электронды форматта жүзеге асыру өзін-өзі ақтады. Осы істі жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік маңызды атқарушылық құжат бойынша мәжбүрлеу шараларын үздіксіз қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша алимент төлеуден жалтарған азаматтардан 76 пәтер мен 62 көлік берешек ретінде өндіріліп алынды", – деді вице-министр.

Алмат Мадалиевтің сөзінше, жеке сот орындаушылары республикалық палатасының қызметінде ашықтық қамтамасыз етілді.

"Республикалық палата бухгалтериясының қаржылық есептілігі Pricewaterhouse Coopers компаниясының аутсорсингіне берілген. Олардың кірісі мен шығысы ай сайын палатаның ресми сайтында жарияланады. Бұл кәсіби ұйымға деген сенімді арттырады", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу