Жеке сот орындаушысы алимент төлеуден жалтарған борышкерге шетелге шығуға көмектескен

187

Борышкердің шетелге шығуына шектеу қойылған. 

Жеке сот орындаушысы алимент төлеуден жалтарған борышкерге шетелге шығуға көмектескен Фото: Диапазон

Маңғыстау облысында жеке сот орындаушысының алимент төлеуден жалтарған борышкерге шетелге шығуға көмектесіп, одан ақшалай сыйақы алғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, жеке сот орындаушысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған.

Белгілі болғандай, алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерге қатысты шекарадан шығуға шектеу қойылған. Алайда жеке сот орындаушысы өндіріп алушының атынан жалған арыз жазып, тиісті шектеуді заңсыз түрде алып тастап, бұл әрекеті үшін борышкерден ақшалай сыйақы алған.

Осылайша борышкер бір жыл бойы емін-еркін Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстанға шығып тұрған.

Прокуратура бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Өндіріп алушыға келтірілген шығынды толық өтеуіне байланысты сотпен қылмыстық іс ақтамайтын негізбен өндірістен тоқтатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу