Жеке сот орындаушысы алиментті бір ай ішінде өндіріп алуға тиіс

991

Бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамағандары қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айырылады.

Жеке сот орындаушысы алиментті бір ай ішінде өндіріп алуға тиіс

Қазақстанда сот орындаушылар алименттерді бірінші кезекте өндіріп алатын болады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл 27 маусымында Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған еді.

Заңда атқарушылық іс жүргізудің сапасын жақсарту жолымен азаматтардың құқықтарын қорғау мен уақытылы іске асыруды, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар істер санаттары бойынша қамтамасыз етуге, аса назар аударылған.

Қабылданған түзетулермен жеке сот орындаушыларының алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауының басымдығы бекітілді.

"Бұрын кейбір жеке сот орындаушылар оларды аса қызықтырмағандықтан мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созатын жағдайлар болатын. Енді мұндай іс жүргізу бойынша бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғуы мүмкін", – дейді министрліктен.

Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу туралы ұйғарымына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі.

Бұл шара құқықтарын жұмыс беруші бұзған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, сотқа жұмсалатын уақыты мен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Заң 2020 жылғы 8 шілдеде, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу