Жеке сот орындаушысы өндіріп алынған сомаларды ұрлаған

320

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады. 

Жеке сот орындаушысы өндіріп алынған сомаларды ұрлаған Фото: gettyimages.com

Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды.

Бұрынғы "Н" жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу