Жеке тұлғалар да салықтық рақымшылыққа ілігеді

1062

90 мыңнан астам шағын және орта бизнес иесінің 210,4 млрд теңге көлемінде берешегі бар. 

Жеке тұлғалар да салықтық рақымшылыққа ілігеді

Салықтық амнистияға кәсіпкерлермен қатар енді жеке тұлғалар да іліне алады. Мемлекеттік кірістер комитетіндегілердің хабарлауынша, қазір құжат Парламентте қаралуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Жалпы былтырғы жылдың есебі бойынша 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес иесінің 210,4 млрд теңге көлемінде берешегі бар. Бүгінде оның үштен бірі салығын төлеп, олардың 2 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлы кешірілді. Сондай-ақ 99 млн теңге көлеміндегі айыппұлы да есептен шығарылған.

Ең көп салықтық рақымшылыққа ілінген кәсіпкерлер Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында шоғырланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу