Жеке тұлғалардың банкроттығы: жалғыз баспанадан айыру туралы бап қала ма?

725

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жалғыз баспананы сақтап қалуға мүмкіндік бере ме? Көптің көңілін күпті еткен сұрақты бүгін сенат депутаттары да көтерді. 

Жеке тұлғалардың банкроттығы: жалғыз баспанадан айыру туралы бап қала ма?

"Жалғыз үйі болса да кепілге қояды несие алу үшін. Басқа қоятын кепіл жоқ. Үйден басқа. Кешегі Алматыда болған оқиға да дәл сондай. Соған тірелді бәрі. Басқа жағдайдың бәрі соған тіреліп жатыр. Осы жеріндегі мәселені шеше алмасақ мен білмеймін "банкроттық" заңынан не пайда бар екенін. Жалғыз үй ол. Жалғыз үйін алып кетеміз ертең. Одан не пайда заңнан?", дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Трұмов. 

Үкімет өкілдері бұл мәселе мәжілісте де талқыланып жатыр деді. Тіпті өндіріп алатын баспананың орнына өзге үй беру туралы да ұсыныс айтылған. Алайда, олай істеуге қаржы шақ келмейтінін алға тартты. Оның үстіне мұндай жеңілдіктер азаматтарды борышын өтемеуге итермелеуі мүмкін екенін де еске салды. Қаржы министрінің орынбасары кепілге қояр кезде мүлік иесі арты неге соғатынын біліп келісім бергенін ұмытпау керек деп отыр. Сондықтан табысынан жырып, несиесін уақытында төлеп отырған өзге борышкерлерге қиянат болады дейді. Бұдан да өзге қатерлер бар екен.

"Қандай қатер бар? Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бар. Ертең олар мынадай кедергілер бар екенін көреді де несие бермей қалуы мүмкін. Немесе үстемелері өзгеруі мүмкін. Сондықтан олар "проблемный болады" - деп бермеуі де мүмкін. Егер олар кепілдегі затты өндіріп ала алмайтын болса. Сондай кері жақтары да бар мұның. Біз бәрібір 100 пайыз барлық сұрақтарды шеше алмаймыз. Бұл заңнама барлығына мүлік беру, барлығының борышын кешіру деген заңнама емес, бұл  мүмкіншілік қой", деді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу