Жеке тұлғалардың депозиттер портфелі 0,8%-ға қысқарды

2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша көрсеткіш 16,8 трлн теңгені құрады. 

Жеке тұлғалардың депозиттер портфелі 0,8%-ға қысқарды Фото: ranking.kz

Желтоқсандағы ең жоғары көрсеткіштен кейін жеке тұлғалардың депозиттерінде төмендеу үрдісі байқалады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бір айда банктердегі бөлшек депозиттер портфелі 136,2 млрд теңгеге (немесе 0,8%-ға) азайды. 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 16,8 трлн теңгені құрады. Салыстырар болсақ, өткен жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттер портфелі 345,1 млрд теңгеге (немесе 2,6%-ға) төмендеді.

Алайда, биылғы жылдың қаңтарында өте қызықты үрдіс байқалды: осы кезеңде ірі банктердегі депозиттер көлемінің дәстүрлі қысқаруы аясында Қазақстан Республикасының кейбір екінші деңгейлі банктері оң динамика көрсетті.

Тұтастай алғанда, сектор бойынша Қазақстан Республикасының 21 ЕДБ арасында бір айда 9 банкте оң динамика тіркелді, 10 қаржы институтында көрсеткіштер төмендеді, тағы 2 банкте жеке тұлғалардың депозиттері портфелі өзгеріссіз қалды.

Бір жылда, яғни 2022 жылдың қаңтар айының қорытындысымен салыстырғанда қазақстандық банктердегі халықтың депозиттерінің жалпы көлемі 3,7 трлн теңгеге өсті.

Қазақстан Республикасының ЕДБ жиынтық портфеліндегі жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесі биылғы жылдың 1 ақпанында 53,9% болды. Ад бір ай бұрын 53,6%, бір жыл бұрын 51,3%, бес жыл бұрын 48,6% және он жыл бұрын 39,9%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу