Жеке тұлғалардың депозиттеріне шектеу енгізілмек

132

Бұл шектеу жарғылық капиталы кемінде 10 миллиард теңге болатын базалық лицензиясы бар банктерге қатысты болмақ.  

Жеке тұлғалардың депозиттеріне шектеу енгізілмек Фото: canva.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов жеке тұлғалардың депозиттеріне шектеу енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы агенттік өкілі Сенатта өткен дөңгелек үстелде айтты.

Оның айтуынша, жеке тұлғалардың мерзімді және жинақ салымдарының жиынтық мөлшеріне шектеу енгізу жоспарлануда – ол 10 миллион теңгеден аспауы тиіс.

"Біз банктердің депозит тартудағы тәуекелдерін шектеуді ұсынып отырмыз. Заңды тұлғаларға қатысты ешқандай шектеу қойылмайды. Ал жеке тұлғалардың депозитінің ең жоғары мөлшерін 10 миллион теңгемен шектеуді ұсынамыз. Өйткені жеке тұлғалар – әлеуметтік жағынан банктердің ең осал клиенттері. Ал депозит – банктің міндеттемесі. Сондықтан осы міндеттемелердің көлемін шектеуді ұсынамыз", – деді Олжас Қизатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу