Жеке тұлғалардың кәсіпкерлікке несие алуы қиындай түспек

207

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие беру ережелерін тағы қатаңдатты.

Жеке тұлғалардың кәсіпкерлікке несие алуы қиындай түспек Фото: aikyn.kz

Агенттік тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуді көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба банк және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және тұтынушылық кредит берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.

Жоба төмендегідей ережелерді қамтиды:

  1. банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік мақсаттар үшін жеке тұлғаларға жаңа несиелер беру кезінде қарыз жүктеме коэффициентін (ҚЖК) есептеуге міндетті болады;
  2. соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушылар төмендетілген ҚЖК алады (0,25 деңгейінде);
  3. соңғы үш жылда берешегі кешірілген, нәтижесіз қайта құрылымдаулар, сондай-ақ 5 жылдан астам мерзімге тұтынушылық несиелері бар жеке тұлғаларды несиелендіруге тыйым салынады;
  4. 3 жылдан астам мерзімге берілген кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша тәуекелді өлшеу коэффициенті 350%-ға дейін ұлғайтылады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу