Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеуге соңғы транш бөлінді

1084

Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеуге соңғы транш бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы тетігін іске асыру шеңберінде 11 млрд теңгеден астам сомаға өтемақының соңғы траншын төлеуді жүзеге асырды, сонымен қатар өтемақы төлеу рәсімін аяқтады. Өтемақыны 2016 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда өзінің депозиттерін 2015 жылғы қарашада қайта ресімдеген және оларды бір жыл ішінде талап етпеген салымшылар Өтемақы тәртібінің талаптарына сәйкес алады, деп мәлім етті Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Үшінші транш бойынша өтемақы сомасын есептеу кезінде 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына бағамы – бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге және 2016 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына бағамы – бір АҚШ доллары үшін 340,30 теңге пайдаланылды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша Өтемақы тәртібі шеңберінде төленген өтемақының жалпы сомасы шамамен 53,8 млрд. теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу