Жеке тұлғаларға 83 мың, заңды тұлғаларға 600 мың теңге айыппұл салынады

1863

Жасырын той жасап, ас бергендер "жазаланады"

Жеке тұлғаларға 83 мың, заңды тұлғаларға 600 мың теңге айыппұл салынады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин талаптарын бұзғандарға жаза күшейтілгенін ескертті. 

"Мемлекет қолға алған шаралардың барлығы адам өмірін сақтап қалуға бағытталған. Үкімет осы бағытта өз міндетін толық атқара береді. Вирустың таралуының негізгі себептері бар. Ол халықтың айтылған ескертпелерге құлақ аспауы. Әлемде 10 млннан астам адам ауырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да тығылып той тойлап, бетперде киюді ұят санайтындар да жоқ емес. Мысалы, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасап, ас беру, құдалық өткізу. Осындай шаралар толып жатыр. Соның салдарынан 20-дан астам адам ауырып, қайтыс болған жағдайлар орын алды", – деген ол бекітілген талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден аса айыппұл салынатынын ескертті.

"Құрметті ағайын, Мұхтар Әуезов "Абай жолы" романында елді жайлаған індет туралы "өзі аса қауіпті жұқпалы ауру ел таңдамайды. Бар жұртқа ортақ апат, бірақ әр ортада халықтың тұрмысына, жағдайына қарап, салты мен қалпына орай ауру әр жерде әр алуан өтеді" деп жазған. Олай болса қазір де індет мемлекет таңдамайды", – деді вице-премьер министр. 

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу